07 қараша 2022 13:14

Бұл жол беруге болмайтын жағдай - Тоқаев Маңғыстаудағы суға қатысты айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы ауыз су тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы ауыз су тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесуінде маңызды мәселелердің бірі ауыз су тапшылығы екенін атап өтті.

"Маңғыстаудың сумен қамтамасыз ету жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту керек. Ауыз судың жетіспеуі – тұрғындарды алаңдатып отырған өткір мәселенің бірі. Су тұшытатын зауыттардың қуаты әлсіз болғандықтан, қалалар мен ауылдарда жаз кезінде су белгілі бір уақытта ғана беріледі. Ал, биылғы мамыр айында қала тұрғындары су таситын көліктің кезегінде тұруға мәжбүр болды. Мұндай жағдайға шыдап отыруға болмайды", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай облыста суға деген сұраныс 260 мың текше метрге дейін өсуі мүмкін екенін айтты.

"Мен бес жыл ішінде өңірдегі барлық қалалар мен ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойып отырмын. Әкімдік бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кетті. Менің тапсырмаммен жыл аяғына дейін 12 ауыл орталықтан берілетін су жүйесіне қосылатын болады.

Өңірде 2025 жылға дейін су тұшыту жөніндегі 9 жоба, магистральді су құбырын салу және қайта жаңғырту жөніндегі 4 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, мерзімі созылып бара жатқан жобалар да бар", - деп толықтырды Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети