12 қаңтар 2021 09:22

Бұлай қатып қалуы мүмкін емес - Дәрігер Алматы облысындағы иттердің видеосы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Мал дәрігері Алматы облысында мұзды "мүсіндерге" айналған иттердің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мал дәрігері Алматы облысында мұзды "мүсіндерге" айналған иттердің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, мұздап қалған иттер түсірілген кадрлар жалған. Себебі жануарлар осы күйі мұз болып қатып, мерт болуы мүмкін емес.

Алматы ветеринарлық медицина орталығының реаниматолог-анестезиолог дәрігері Кристина Таран иттер түсірілген видеоны зерттеді. Дәрігер иттердің табанына назар аударды.

"Олардың табанына қарап, иттердің жатып қалған күйі мұз болып қатқаны көрінеді. Яғни видео авторы осы кадрларды түсіру үшін мерт болған иттердің аяқтарын тұрғызып қойған", - дейді мал дәрігері.

Видеодан алынған кадр

Сондай-ақ, маман видеоның тек бір ракурстан түсірілгендіктен, күмән тудырғанын айтады.

"Ер адам иттерді екі ракурстан түсірмеген. Жануарлар мерт болған соң осылай қатып қалған болуы мүмкін. Видео авторы иттерді тағы бір ракурстан алып түсіргенде иттің нақты қалай жатқаны анығырақ көрінер еді.

Оған қоса, ақ иттің қанталағаны көрінеді. Ол мерт болған соң ауыс қуысынан қан кет болуы мүмкін. Сосын ғана ол мерт болған", - дейді дәрігер.

Видеодан алынған кадр

Бұдан бөлек, мал дәрігері видеода иттің мойнына ілініп алған тышқанның да тұрысы шындыққа жанаспайтынын айтады. Оның айтуынша, тышқан да бастапқыда өлтіріліп, кейін олар тышқанды осылай қойып қойған.

"Тағы бір айта кеткім келетіні, Алматы мен Алматы облысында болған аяздан иттер осылай мұз болып қатып қалуы мүмкін емес. Бізде соншалық төмен температура болған жоқ", - дейді маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети