24 шілде 2020 17:55

Бурабайда ірі заңсыз қоқыс алаңы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Яков Федоров Фото: Яков Федоров

Қазақстандық блогер Яков Федоров Бурайбайдағы ірі заңсыз қоқыс алаңын суретке түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық блогер Яков Федоров Бурайбайдағы ірі заңсыз қоқыс алаңын суретке түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін мен Бурабайда осындай жағдайға куә болдым. Бұл жерді "қазақстандық Швейцария" деп айтуға тілің бармайды. Жақын маңда ауыл да, рұқсат етілген қоқыс полигоны да жоқ. Сондықтан ұлттық парктің аумағында осындай заңсыз қоқыс орындары пайда болып жатыр", - деп жазды блогер Facebook-тағы парақшасында.

Яков Федоров сурет экологиялық рейд кезінде түсірілгенін атап өтті.

"Осы аптадан бері экология министрлігінің бастамасымен рейд жүріп жатыр. Мен оған қатысуға шешім қабылдадым. Біз Бурабайдағы жабық жағажайда болдық. Барлық жерде темекінің тұқылы жатты. Адамдар көп қоқыс қалдырғаны соншалық, инспекторлар оны тазалап үлгермей жатыр. Біз осы округтегі заңсыз ірі қоқыс алаңының бірінде болдық. Бұл ұлттық парктің территориясы емес, бірақ ол қорғалатын аумаққа жатады. Бұл жерде рұқсат етілген қоқыс полигоны да жоқ", - дейді блогер.

Сондай-ақ, ол экологиялық рейд кезінде түсірілген суреттерін бөлісті.

Фото: Яков Федоров

Фото: Яков Федоров

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети