Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Бурабайға сегіз елдің басшылары келді

16 Қазан 2015, 11:19
3
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бурабайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ТМД елдері басшыларының кеңесі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңес отырысы Rixos Borovoe Hotel-де болып жатыр. Кеңеске Әзірбайжан президенті  Ильхам Әлиев, Армения президенті Серж Саргсян, Беларусьтен - Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімов қатысып жатыр. Сонымен қатар, шараға қатысу үшін Молдаваның еуропалық интеграция мен сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Галбур, Түкменстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сатлык Сатлыков, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы, атқарушы хатшы Сергей Лебедев келді.

ТМД елдері саммитінде мемлекет басшылары халықаралық проблемаларды шешу жолдарын, сонымен қатар, гуманитарлық ынтымақтастық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери және құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты талқылап, бірқатар шешім қабылдайды. Яғни, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеудің қабылдануы жоспарланып отыр. 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық концепциясы, 2016-2020 жылдары ішкі шекарадағы қауіпсіздікті нығайту бағдарламасы қабылданады. 

Күннің екінші жартысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армениядан - Серж Саргсян, Беларусь Республикасынан - Александр Лукашенко, Қырғызстаннан - Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясынан Владимир Путин қатысады. Отырыс барысында еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар, "Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық дамуының 2016-2020 жылдардағы негізгі бағыттары туралы", "ЕАЭО-ның сауда серіктестерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту" құжаттарына қол қойылады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай