04 қазан 2021 12:45

Бұрынғы көлік және коммуникациялар министрі Серік Әлигужинов қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Қарабатырұлы. Фото: facebook.com/industry.gov Серік Қарабатырұлы. Фото: facebook.com/industry.gov

"КАО" басқарма төрағасы, кезінде Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрі болған Серік Қарабатырұлы Әлигужинов қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"КАО" басқарма төрағасы, кезінде Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрі болған Серік Қарабатырұлы Әлигужинов қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

​​"ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы 2021 жылғы 3 қазанда өмірден өткен "КАО" Басқарма Төрағасы, кезінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі болған Серік Қарабатырұлы Әлигужиновтің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Серік Қарабатырұлы 1944 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын Павлодардағы 2564 автоколонна механигінен бастап ҚР Көлік және коммуникация министріне дейінгі жолдан өтті. Министрлікті жаңа Астанаға көшіру маңызды шарасына жетекшілік етті. Көлік және коммуникация саласының жүйе құраушы кәсіпорындарын құрудың бастауында тұрды.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Серік Қарабатырұлы қоғамдық жұмыстардан шет қалмай, Қазақстан Республикасының "КАО" автокөлік одағының басшысы болды.

Ерен еңбегі бағаланып, еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін КСРО Халықтарының достығы орденімен, Қазақстанның "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Павлодар қаласының Құрметті азаматы атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети