23 қаңтар 2018 17:14

Былтыр "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 70 мыңнан аса жер телімі бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© penza-press.ru © penza-press.ru

2017 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 70 мыңнан аса жер телімі бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


2017 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 70 мыңнан аса жер телімі бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің сайтында бүгін инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, "Бәйтерек" ҰБХ басқарушы директоры, басқарма мүшесі Қайырбек Өскенбаевтың, сондай-ақ, "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте осындай мәлімет берілгені айтылады.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Жеңіс Қасымбек жыл сайын жеке тұрғын үй салу үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша 40-50 мың жер телімін бөлу жоспарланғанын атап өтті. Алайда, 2017 жылы инженерлік коммуникациялар 70 мыңнан астам жер теліміне жүргізілді және олардың бәрі жеке үй салушыларға бөлінді. 2018 жылға сондай-ақ, 70 мың жер телімін бөлу жоспарланған.

"Жеке құрылыс мәселесі өте өзекті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев та еске салып өтті. Расымен өңірлерде барлық жерде бірдей бұл мәселемен тікелей айналыспайды. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жыл сайын барлық коммуникациялар жүргізілген 15 мыңға дейін жер телімі бөлінеді. Премьер-Министр бұл мәселені бақылауға алуды өзінің орынбасары Асқар Маминге тапсырды. Сондықтан, біз енді ай сайын соның деңгейінде жеке тұрғын үй құрылысы барысын қарайтын боламыз", -  деді Жеңіс Қасымбек.

Министр, сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй салушыларға қойылатын талаптарға қатысты түсініктеме берді. Осылайша, оның айтуынша, Астана, Алматы, Атырау, Ақтауда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 180 000 теңгеден, ал қалған қалаларда 140 000 теңгеден аспауы тиіс.

Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу тәртібі туралы журналистердің сұрағына ҚР ИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жауап берді.

Айтылған мәліметтерге сәйкес, Астана мен Алматыдан басқа барлық өңірлерде жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу қарастырылған.

Салынып бітпеген нысандарға қатысты сұраққа жауап берген "Бәйтерек" ҰБХ басқарушы директоры, басқарма мүшесі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жосықсыз үй салушылар жоқ дерлік екенін айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети