20 мамыр 2022 17:56

"Бізді бақылайды". Қазақстандықтар чиптелген төлқұжатты талқылап жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстандықтар микросхема жасырылған төлқұжаттың видеосын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар микросхема жасырылған төлқұжаттың видеосын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнет қолданушылары отандық төлқұжаттың ерекшеліктерін көрсететін видеоны таратып жатыр. Видео кейіпкерлері төлқұжатты ашып, ішінен чипке ұқсас құрылғыны табады. Авторлар бұл микросхема шетелде жүрген қазақстандықтарды бақылауға арналғанын айтады.

Кейін ІІМ бұл жағдайға қатысты пікір бірдірді. Ведомство өкілі азаматтарды сабырға шақырып, қазақстандық төлқұжаттағы чип бақылауға арналмағанын түсіндірді. Бұл электрон паспорт болып шықты. Мұндай құжат азаматтарға 2009 жылдан бастап беріліп келе жатыр.

"Қазақстанда электрон төлқұжаттар, сондай-ақ, микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Электрон құжаттар ICAO халықаралық стандартының барлық талабына сай келеді. Чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны бірден түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Төлқұжаттарда электрон чип мұқаба мен ішкі қабаттың арасында орналасады. Микросхема - паспорт иесі туралы ақпараттың электрон тасымалдаушысы. Онда цифрлы форматтағы азамат туралы деректер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жері, жылы, ЖСН, сурет және электрон цифрлық қолтаңбасы жазылады", - деп түсіндірді ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өкілі.

2009 жылы жаңа үлгідегі құжаттарды енгізу туралы ақпарат БАҚ-та кеңінен жарияланды. Төлқұжат, оның ішінде чиптің сипаттамасы мен мазмұны Үкіметтің 2013 жылғы 4 шілдедегі қаулысында қамтылған.

"Чипі бар төлқұжаттар шекара-өткізу бекеттерінен өтуді және басқа елдердің төлқұжат-виза бақылауын жеңілдету мақсатында енгізілді. Төлқұжаттардағы чиптер шекарадан өткен кезде тек арнайы құрылғы көмегімен оқылады.

Айта кетейік, электрон құжаттар азаматтардың бүкіл әлем бойынша қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, жалған құжат жасауға жол бермейді. Сондықтан бұл азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мақсатында енгізілген", - деп сендірді ведомство қызметкері.

Комитет мәліметінше, бүгінде электрон төлқұжаттар әлемнің көптеген елінде, соның ішінде АҚШ, Канада, Еуроодақ, Қытай, Жапония, Малайзия, Сингапур, Аустралия, Балтық жағалауы және ТМД елдерінде енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети