15 шілде 2022 10:01

Chery Қазақстандағы ең танымал қытайлық автобрендке айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Chery Қазақстандағы ең танымал қытайлық автобрендке айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Chery Қазақстандағы ең танымал қытайлық автобрендке айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мыңнан астам қазақстандық Chery автокөлігін таңдады. Бренд өкілдері мерейтойлық сатып алушыны салтанатты түрде құттықтады.

Маусым айының қорытындысы бойынша, Chery еліміздегі қытайлық автокөлік брендтерінің арасындағы ең көп сатылған көлік маркасы атанды. Қазақстан автобизнес қауымдастығының деректеріне сүйенсек, Chery елдегі ең танымал 10 автобрендтің ішінде жетінші орынға көтерілген. Атап айтсақ, олар: Chevrolet, Hyundai, Kia, Lada, Toyota, Lexus, Chery, Jac, Exeed және Renault.

Компания бұндай қомақты нәтижеге небәрі жарты жылдың ішінде қол жеткізді: бренд Қазақстанға ресми түрде 2021 жылдың соңында келді, ал сатылым 10 желтоқсаннан басталды.

Ал шілде айында аталған компания алғашқы жоғары нәтижесі туралы хабарлады - сатылған автокөліктердің саны мыңнан асты. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алуа Белгібаева мерейтойлы клиент атанды. Chery Tiggo 8 Pro автокөлігін Алуа My car Finance серіктестік компаниясы арқылы сатып алды.

"Chery-дың мыңыншы сатып алушысы болғаныма қуаныштымын. Бұл таңдауға мен саналы түрде келдім. Маған көлікті таңдауға көмектескен менеджерлерге алғысым шексіз", - деді сатып алушы.

Chery Қазақстан нарығына қалай келеді

Автокөліктерді Қазақстанға Қытайдан тікелей теміржол арқылы жеткізеді. Содан соң оларды Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Орал қалаларындағы дилерлік орталықтарға таратады. Жыл соңына дейін тағы 8 автоорталық ашып, дилерлік орталықтармен Ақтау, Өскемен, Тараз және Жезқазған қалаларын қамту жоспарда бар.

"Қазіргі таңда біз төрт модель ұсынып отырмыз - Tiggo 4, Tiggo 7 Pro, Tiggo 8 және Tiggo 8 Pro. Бұл қазақстандық тұтынушыға өте таныс автокөліктер. Осы жазда тағы екі модельді ұсынамыз - Tiggo 8 Pro Max және Tiggo 4 Pro. Жалпы жыл соңына дейін 2,5 мың автокөліктің келуін күтіп отырмыз", - деді First Motor Company директоры Нұрлан Шамгонов.

Тиімді сауда

Chery кроссоверлерін барлық дилерлік орталықтарда төлем мерзімін ұзартып сатып алуға болады. Сатып алушылар үшін Mycar Finance компаниясы төмендетілген сыйақы мөлшерлемесі мен бонустық шарттары бар арнайы бағдарламаларын әзірлеген.

Мысалы, Light Chery 20/80 мен Light Chery 30/70 атты автонесиелері. Шарт бойыша, несие ай сайынғы төлемдерсіз 1 жылға беріледі және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14,8 пайыздан басталады. Небәрі 20 пайыз не 30 пайыз бастапқы жарнаны төлеп су жаңа көліктің иесі атануға болады.

MyCar Finance ұсынған Chery Standard пакеттік ұсынысына да назар аударған жөн: автонесие берудің ұзартылған мерзімі - 120 айға дейін; бірінші жылы төмендетілген сыйақы мөлшерлемесі - 15,8 пайыз, СЖТМ (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі) - 22,8 пайыз.

Толық ақпаратты Chery.kz сайтынан немесе 7007 байланыс нөмері арқылы біле аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети