18 мамыр 2021 17:32

"Далаға шығу мүмкін емес". Оралдықтар маса мен шіркейдің көптігіне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал мен қала маңындағы елді мекен тұрғындары маса мен шіркейдің көптігіне шағымданады. Адамдар кешке далаға шығу мүмкін емес екенін айтты. Сонымен қатар, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы аумақты маса мен шіркейге қарсы өңдеуге 93 миллион теңгеден аса қаражат бөлінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орал мен қала маңындағы елді мекен тұрғындары маса мен шіркейдің көптігіне шағымданады. Адамдар кешке далаға шығу мүмкін емес екенін айтты. Сонымен қатар, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы аумақты маса мен шіркейге қарсы өңдеуге 93 миллион теңгеден аса қаражат бөлінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орал тұрғындары жаздың аптап ыстығында далаға шығу мүмкін емес екенін, ал күн салқындайтын кешкі уақытта "қансорғыштар" мазалайтынын айтты. 

"Біз Жайық өзені маңында тұрамыз. Кешке қызымызды алып серуендеуге шығамыз. Алайда көшеде жүру мүмкін емес. Аяқ-қолдың бәрін шағып тастайды. Оған бөлінген миллиондаған қаржы қайда кетті?", - деді қала тұрғыны Татьяна Симонова.

Әлеуметтік желілерде де тұрғындар шағымы пайда болды.

"Сыртқа шығу мүмкін емес. Оларды улау қашан басталады? Шыдау мүмкін емес", - деп жазады оралдықтар.

Энергетика және ТКШ басқармасы мәліметі бойынша, Орал аумағы мен оған жақын маңдағы ауылдарды дезинсекциялауға 93 миллион теңге бөлінген.

"Жұмысты "Магтоксин" ЖШС жүргізеді. Бірінші кезеңде 2 мың гектар жер өңделді. Бұл өзен аңғары, тоғандар, су шалғындары. Енді өңдеудің екінші кезеңі басталды. 13 мың гектарды өңдеу жоспарланған", - деді БҚО энергетика және ТКШ басқармасы бөлімінің бас маманы Аян Хамидуллин.

Қала ішінде өңдеу жұмыстары жүргізілмейді. Бұл техникалық мүмкіндікке байланысты, дейді басқарма өкілдері.

"Күн күрт жылуына байланысты кейбір су қоймаларын өңдеуге уақыт болмады. Қазір біз аумақтарды кешке және таңға дейін өңдейміз. Бірақ барлық жерді емес. Себебі адамдар спортпен шұғылданып, балалар ойнап жүреді", - деді мердігер ұйымның дезинсекторы Альбина Дүйсенбаева.

Сарапшылар маусымға дейін маса мен шіркейге қатысты жағдайы тұрақталатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети