"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы тағайындалды

27 Ақпан 2017, 09:45
0
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы тағайындалды - © arnapress.kz
© arnapress.kz

27 ақпанда Қазақстан Республикасының премьер-министрімен келісім бойынша "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының шешімімен Абай Сарқұлов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Абай Сарқұловтың қаржы саласында 13 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. "Бәйтерек" холдингі компаниясының тобында 2008 жылдан қызмет етуде. Еңбек жолын инфрақұрылымдық жобаларға кредит беруді басқару менеджерінен бастаған ол соңғы уақытта "Қазақстанның даму банкі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетін аяқтаған.

"Бәйтерек" холдингісінің еншілес ұйымы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның миссиясы қаржы институттарының ауқымды спекторын және бизнесті дамыту бағдарламаларын қамтитын кешенді қолдау арқылы Қазақстанның шағын және орта бизнесін сапалы дамытуға ықпал ету болып табылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай