Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

11 Қараша 2014, 17:16
0
Даниал Ахметов. ©eurasiancommission.org
Даниал Ахметов. ©eurasiancommission.org

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз хатшысы Болат Мамырбаевқа сілтеме жасап. 

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІІІ сессиясында облыс басшысы қызметіне Даниал Ахметовтің кандидатурасы талқыланды. 

Даниал Ахметов 60 жаста. Ол Павлодар индустриялық институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын өнеркәсіп шебері болып бастады, кейін "Павлодаржилстрой" тресінде жұмысты өндіруші болып қызмет етті. 1992-1993 жылдары ол Екібастұз қалалық әкімшілігіне жетекші болды. Содан кейін Павлодар облысының әкімі, кейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 

1999 жылы Даниал Ахметов ҚР Үкіметі басшысының орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды. Бұл қызметте ол өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация мәселелерін қадағалады. 2001 жылдың қараша айында қайтадан Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. 2003 жылдың маусымында ҚР Премьер-министрі болды. 2007 жылы отставкаға кетті. Кейін Президенттің жарлығымен Қорғаныс министрі атанды. Бұл қызметте 2009 жылға дейін жұмыс істеді. 2010 жылдың желтоқсан айында экологиялық энергетика саласындағы компаниялардың біріне басшы болды. 

Кейін Ахметов Қазақстанның атынан Еуразиялық экономикалық комиссияға Алқа мүшесі (министр) болып тағайындалды. Оған энергетикалық саясат, табиғи монополиялар, көлік және жүк тасымалы, соның ішінде, теміржол көлігі қызметтеріне қолжетімділікті реттеу, айрықша тарифтерді қолдануды келісу, тарифтер мен инфрақұрылымдардың өзгеруі жөнінде тексерулер жүргізу, шешімдер қабылдау мәселелерін басқару жүктелді. 

Шығыс Қазақстан облысын 2009 жылдың наурызынан бастап Бердібек Сапарбаев басқарған еді. 2014 жылдың 11 қарашасында "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіндегі Сапарбаевты өзгелерге үлгі етті. 

"Егер барлық облыс осындай арнада жұмыс істесе, өте жақсы болар еді. Бірақ Шығыс Қазақстан облысында жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын барлық облысқа таратуға болады", - деді Назарбаев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай