13 шілде 2020 13:12

Дәрігер министрліктен "статистикамен ойнауды тоқтатуды" сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Орталық клиникалық аурухана" АҚ нейрохирургия орталығының меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев Денсаулық сақтау министрлігінен "статистикамен ойнауды тоқтатуды" және пневмония жағдайларын коронавирус ретінде тіркеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол үндеуін Facebook желісінде жариялады. Дәрігердің айтуынша, Сoronavirus2020.kz сайтындағы мәліметтер шындыққа жанаспайды.

"Сайттың мәліметінше, Қазақстанда коронавирусқа қатысы жоқ бірақ өлімге әкеліп жатқан пневмония тарап жатыр. Осы сайттың мәліметтері бойынша, Қазақстанда өлімге әкелетін жаңа пневмония пайда болды! Статистикамен ойнауды тоқтату керек!", - деп жазады дәрігер.

Еске салайық, мұның алдында БАҚ Қазақстанда "белгісіз пневмония" тарап жатқанын хабарлаған болатын. Кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети