01 қазан 2019 10:39

Дәрігерлердің қамауға алынуына Күдебаевтың қатысы жоқ - ІІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Tengrinews.kz фотоколлажы Tengrinews.kz фотоколлажы

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда дәрігерлерді қамау ісі бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда дәрігерлерді қамау ісі бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үкімет кулуарында журналистер министрден Алматы қалалық полиция департаменті басшысының ұлы - Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты тергеуге іліккен алматылық дәрігерлердің ісі бойынша пікір білдіруді сұраған. 

"Біріншіден, ішкі істер министрлігі, Серік Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура, тергеу жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган жүргізді, бұл Экономикалық тергеу қызметі. Министрлік, прокуратура тарапынан қысым көрсету болған емес. Осы орган өздігінен шешім шығарды, ал санкцияны сот береді", - деді Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы тергеу ісіне еш қатысы жоқ екен. 

Министр неліктен осы іспен экономикалық тергеу қызметі айналысатынын түсіндірді

"Тергеу ісіне мүдделі қызметкерлер болса, басқа органдардың басшыларымен туыстық қарым-қатынас болса, үшінші құқық қорғау органына беру туралы шешім қабылданады. Мұнда үшінші орган - Экономикалық тергеу қызметі. Прокуратура осындай шешім қабылдады", - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда Нұрсұлтан Күдебаевтың ісі бойынша тұтқындалған анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қолхатпен бостандыққа шықты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы іске байланысты Нью-Йорктен тапсырма берген еді. Кеше 25 қыркүйекте бас дәрігер Қанат Тезекбаевтың қолхатпен босатылғаны хабарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети