05 қыркүйек 2018 18:26

Дәрігерлердің көбі жұмыстан кеткісі келеді - Біртанов қылмыстық қудалау жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот шешімі шықпай жатып, дәрігерлерді дерексіз айыптайтындар кәсіби білікті мамандардың ығырын шығарады. Бұл сөзді Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот шешімі шықпай жатып, дәрігерлерді дерексіз айыптайтындар кәсіби білікті мамандардың ығырын шығарады. Бұл сөзді Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Негізінде, дәрігерлердің көбі жұмыстан кеткісі келеді. Мен арнайы медициналық мекемелерде болып, дәрігерлермен сөйлестім. Ауыр жағдай екені түсінікті, барлығы қылмыстық қудалаудан қорқады. Дәрігерлерді дерексіз қылмыстық қудалаған сәттер болды. Білікті де тәжірибелі мамандар осындай дерексіз айыптаулардан әбден қажыған, сол себепті осы мәселені жіті бақылауымыз керек. Кейін біз оларды таппай қаламыз, осылайша жағдайды ушықтырамыз", - деді министр. 

Сонымен қатар, Біртанов дәрігерлерді жұмысқа алу және жұмыстан босату істерімен әкімдік айналысатынын айтты. 

5 тамызда Астанадағы № 1 перинаталдық орталықтың бас дәрігері жыл басынан бері төрт әйелдің қайтыс болуына байланысты өз еркімен қызметінен кеткені белгілі болды. Сараптама нәтижесінде, төртеудің үш жағдайында дәрігерлердің қолынан оларды аман алып қалуға еш мүмкіндігі болмағаны анықталған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети