04 тамыз 2020 11:03

"Дәрігерлердің отырыстан қашуы" - басқарма өкілдері жағдайға түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato © elements.envato

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы дәрігерлер "отырыста" отырған видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы дәрігерлер "отырыста" отырған видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео "БЕСсимптомно" Telegram-каналында жарияланған. Видеода "Керуен" кафесін тексеруге келгендер жазғы верандада жайылған дастарханды көрген, алайда адамдар болмаған. Автор демалып отырған адамар кабинкаларға бөлініп кеткенін, ал қалғаны артқы есік арқылы орманға және трассаға қашып кеткенін айтады. 

"Карантин режимін бұзған Алматы облысы Іле ауданындағы Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері майра Егембердиева бастаған қызметкерлері болып шыққан. Ол видео түсіріліп жатқан кезде қашқақтап, Абайға ма, Абаевқа ма хабарласамын деп қорқытқан", - делінген "БЕСсимптомно" Telegram-каналында.

Түрксіб ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының маманы, Түрксіб ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Түрксіб аудандық полиция басқармасының мамандарымен бірлесіп 29 шілдеде рейд жүргізді.

"Сағат 22:30-да рейд барысында Құлжа тракты 9А мекенжайы бойынша орналасқан "Керуен" кафесіндегі іс-шара расталмады. Кафе жабық, келушілер болмаған", - делінген Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының хабарламасыда. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети