27 желтоқсан 2017 18:03

Дариға Назарбаева: Әр әкімнің тікұшағы болуы тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Сенатор Дариға Назарбаева Қазақстанда әр әкімнің тікұшағы болуы тиіс деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сенатор Дариға Назарбаева Қазақстанда әр әкімнің тікұшағы болуы тиіс деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір біз міне Eurocopter өндірісінде қонақтамыз. Ары қарай да оның дамуын көрсету керек, себебі қазақстандықтар осы тікұшақтардың қаншалықты пайдалы екендігінен толық қанды мәліметті хабардар емес болуы мүмкін. Санитарлық авиация дамуы тиіс. Әр әкімнің осындай тікұшағы болуы тиіс, әсіресе ауылшаруашылық қожалықпен айналысатындар үшін. 500 шақырым жерді көлікпен аралап шығу өте қиын. Ал тікұшақпен екі-үш сағат ұшып, барлығын көруге болады. Бұл жұмысты жеңілдетер еді. Ал үлкен қалаларда    кептелістің салдарынан жолда тұрып қалып жататын кездер де болады", - деді Дариға Назарбаева "Еврокоптер Казахстан инжиниринг" ЖШС зауытына барған сапарында. 

"Шетелдік үлкен қалаларда аэротакси қызметі бар және бұл өте тиімді. Осы орайда болашақта біздің экономикамыз осыны көтере алатынын болжауға болады. Осындай өндірісті біз қолдап, дамытуымыз қажет", - деді депутат. 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің сайтында "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС ТМД аумағындағы елдерде ЕС145 тікұшақтарын құрастыру және қызмет көрсететін жалғыз зауыт екені жазылған. Жобаның 50 пайызы "Қазақстан инжиниринг" ҰҚ" АҚ-ға тиесілі, ал қалған жартысы Airbus Helicopters концернінің меншігінде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети