Дариға Назарбаева Фурманов көшесінің атауы ауысқанына байланысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаев Алматыдағы Фурманов көшесінің атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаев Алматыдағы Фурманов көшесінің атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл жайлы өзім де қазір ғана білдім. Объективті және субъективті түрлі себептер бойынша бұл сұраққа субъективті жауап беру қиын. Бірақ елімнің азаматы ретінде, елімді сүйетін адам ретінде, Тәуелсіздігіміздің 25 жыл бойындағы жетістіктерімізге қуанатын адам ретінде бұл шешімді дұрыс деп есептеймін және біздің көшбасшы еліміздің бейбіт әрі тыныштықта өмір сүріп жатқаны үшін осындай жоғары құрметке лайық", - деді Дариға Назарбаева Сенат үзілісінде.

"Сонымен қатар, Президентіміз ірі масштабтағы адам екенін білеміз, ядроға қарсы және халықаралық терроризммен күрес бойынша қандай ірі бастамалары бар екенін білемміз", - дейді ол.

Дариға Назарбаева Қазақстанның әлемде ядро қаруынан бірінші болып бас тартқан ел болғанын еске салды. 

"Бүгінде біз Астананың қақтығысушы тараптардың кездесуіне сенімді алаңы болып отырғанына куәміз. Сонда біз халықаралық және өңірлік қақтығыстарды реттеуге белсенді араласып жатырмыз. Сондықтан осының бәрін әржақты сарапай келе, әділ бағасын берсек, Мемлекет басшысы жоғары құрметке лайық. Ол тарихтың адамы", - деді сенатор. 

Ал журналистердің Назарбаев бұрын мұндай бастамаларға қарсы болғаны жайлы сұрағына сенатор бұл бастаманың "төменнен" айтылған болуы мүмкін екенін айтып, жауап берді. "Бұл жағдайда мен өзімнің де қазір ғана бұл туралы біліп отырғанымды айта кетейік. Бұл төменнен айтылған бастама болуы керек", - деді ол. 

Еске салайық, бүгін, 30 қарашада Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгерді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer