09 желтоқсан 2022 17:42

Дәурен Абаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге мәдениет, спорт, туризм саласының да мамандары қатысты. Кездесу басында Дәурен Әскербекұлы мәдениет және спорт саласына қатысты жарқын жобалар мен биылғы жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Тұрғындармен кездесу барысында мәдениет саласындағы мамандар мен спорт жаттықтырушыларының жалақы мәселесі, Жамбыл облысында мәдениет мамандарын даярлайтын оқу ордасын ашу, жарақат алған спортшыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер туралы мәселелер көтерілді. Сала мамандары мен тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Дәурен Әскербекұлы мәдениет мамандарын даярлайтын жергілікті оқу орнын ашуға қатысты жауабында республикалық деңгейдегі Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық Қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі сонымен бірге Астанадағы "Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университеттерінің бар екендігін тілге тиек етті. Егер жамбылдықтардың мәдениет мамандарын даярлайтын өңірлік оқу орнын ашуға деген сұранысы басым болса жергілікті билікпен ақылдаса келе шешемін табуға болатындығын алдыға тартты. Сондай-ақ, әуелі зерттеу жұмыстарын жүргізу артық етпейтіндігін де айтты. Сұраныс көп болған жағдайда арнайы инвесторларды тарту арқылы да мәселені шешуге болатынын айтты.

Кездесуден кейін министр жеке азаматтарды қабылдады. Сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Брифинг барысында Дәурен Абаев мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесіне толығырақ тоқталды. Оның айтуынша, мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқандықтан және елдегі қымбатшылықтан жалақының көтеріліп жатқандығы аса байқалмай қалу кедергілері де бар. Десе де бұл кезең-кезеңімен жолға қойылатын жағдай.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың Жамбыл облысына іссапар кестесінде Тараз қаласындағы "Ежелгі Тараз ескерткіштері" қорық-мұражайымен танысу жұмыстары да жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети