13 маусым 2017 10:10

Дайын жүргізуші куәлігін кез келген ХҚКО-да алуға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дайын жүргізуші куәлігін кез келген ХҚКО-да алуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Дайын жүргізуші куәлігін кез келген ХҚКО-да алуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында дайын жүргізуші куәлігін алу үшін күтуі қажет емес. Бұл үшін жаңа жүргізуші куәлігін ресімдеу кезінде клиент өтініш толтырып, онда дайын құжатты алу ыңғайлы болатын бөлімнің нөмірі мен мекенжайын көрсетуі тиіс.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ өндіріс қызметін үйлестіру жөніндегі басқарушы директоры Шоқан Әбділмановтың айтуынша, пилоттық жоба қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге және мамандандырылған ХҚКО-лардағы кезекті азайтуға мүмкіндік береді.

"Астана, Алматы және Шымкент - жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін азаматтардың көптеген саныжүгінетін үлкен қалалар екенін білеміз. Бүгінгі күннен бастап олар дайын құжатты алу үшін кезек күтпейтін болады. Олар оны мамандандырылған ХҚКО-да берілген қолхатты көрсетіп, өздеріне ыңғайлы кез келген ХҚКО-да ала алады", - деді ол.

Әбділманов қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мамандандырылған ХҚКО - Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодарда, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында, сондай-ақ екі мамандандырылған ХҚКО секторы Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жұмыс істейтінін айтып өтті.

Жылдың басынан бастап 137 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети