21 сәуір 2020 12:11

ДДҰ Трамптың айыптауларына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter / Tedros Adhanom Ghebreyesus Фото: twitter / Tedros Adhanom Ghebreyesus

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус АҚШ президенті Дональд Трамптың айыптауларына жауап берді, - деп хабарлайды REUTERS.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус АҚШ президенті Дональд Трамптың айыптауларына жауап берді, - деп хабарлайды REUTERS.

Оның айтуынша, ұйым COVID-19 вирусының таралуын ешкімнен жасырмаған. Себебі, коронавирус пандемиясы басталғалы бері ДДҰ АҚШ-тың ауруды бақылау және профилактика орталығы (CDC) мамандарымен бірге жұмыс істеген.

"ДДҰ және CDC COVID-19 вирусы таралғанға дейін бірге жұмыс істеді. Пандемия басталған кезде CDC орталығының көптеген америкалық сарапшысы ұйымға қолдау білдіріп, бізбен бірге жұмыс істеді. Олар жанымыздан табылды. Бұл біздің теориялық тұрғыда ештеңе жасырмағанымызды білдіреді", - деді бас директор Женевада өткен брифингте.

Сондай-ақ, Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 вирусымен күресте ДДҰ АҚШ пен басқа елдермен ашық болғанын атап өтті. Ол коронавирутың таралуы туралы ақпаратты ешкімнен жасармайтынын жеткізді. Себебі, бұл мәліметті жасыру адамдардың өмірі мен денсаулығы қауіп төндіреді.

"Біз (коронавирусты – автор) жұқтырғандар мен қайтыс болғандар туралы статистиканы алған кезде бұл сандардың артында адамның тағдыры тұрғанын көреміз. Сондықтан бізде құпия жоқ. Бізге ақпарат келген соң мемлекеттер оған дайын болуы үшін біз онымен бөлісеміз", - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, 15 сәуірде АҚШ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыру тоқтатқанын мәлімдеген.

Сонымен қатар, АҚШ президенті "коронавирус инфекциясы туралы ақпаратты уақытында бермеді, әлемге шындықты айтпады" деп ДДҰ-ның жұмысын сынға алып, оны айыптаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети