Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

13 Шілде, 14:19
0
© pexels.com
© pexels.com

Синоптиктер 14-16 шілде күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Тропосфералық процестердің қайта құрыла басталуы Сирия және Ирак аймағынан ыстық ауа массаларының шығарылуын Қазақстанның батыс бөлігіне және республиканың оңтүстігіне әкеледі. Мұнда жауын-шашынсыз және ауа температурасының плюс 40…43 градусқа дейін қайта көтерілуі күтіледі. Ал республиканың шығыс бөлігіне Сібірден салқын және дымқыл ауа біртіндеп түсе бастайды. Сондықтан мұнда жаздағыдай жылы, қатты ыстықсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен және екпінді желмен өткінші жаңбыр болжанады", - деді синоптиктер.

Сондай-ақ, еліміздің батысында ауа температурасы 3…7 градусқа жылырақ болатыны айтылады.

 

Получить короткую ссылку

Тегтер:

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай