1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Демалыс күндері қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан аумағында демалыс күндері қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Алдағы демалыс күндері циклон мен салқын атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның көптеген облыстарында қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашынмен бұлтты, арты көктайғақ пен тұманға ұласатын ауа райы күтіледі. Оңтүстік облыстардың көбінде жаңбыр, дүйсенбі жаңбыр қарға ұласады деп болжануда, бұл ретте ауа температурасы осы маусым үшін әдеттегіден төмен болады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтып берген болатын.