17 қаңтар 2019 17:06

Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 17 қаңтарда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімді судья Кеңшілік Әбділдинов оқыды. 


Бүгін, 17 қаңтарда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімді судья Кеңшілік Әбділдинов оқыды. 

Сот үкімі жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де шықты.

"Құдайбергенов кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қиясов кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылсын", - деді судья. 

Сондай-ақ, сотталушы Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейлі мекемеде өтейді. Оның жүктілігіне байланысты жазасын кейін өтеу сұралған, алайда судья кейінге шегеруді мақұлдаған жоқ.

Кеше, 16 қаңтарда сотталушылар Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева сотта соңғы сөзін айтқан болатын. Құдайбергенов ұрлық, қарақшылық жасады және адам өлтірді деп айыпталса, Қиясов қарақшылық пен адам өлтірді деп айыпталып отыр. Ал Толыбаева ұрлық және қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталып жатыр.

Мұның алдында прокурор сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. "Арман Құдайбергеновті айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Нұралы Қиясов айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жанар Толыбаеваны айыпты деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деген еді прокурор Досов.

Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети