Денис Теннің өлімі: Прокурор сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді. Прокурор Қуандық Досовтың айтуынша, сот отырыстары барысында күдіктілердің кінәсі толықтай дәлелденді.

Арман Құдайбергенов "Ұрлық" "Қарақшылық", "Адам өлтiру" баптары бойынша айыпталып жатыр. Нұралы Қиясов та дәл сол баптар бойынша айыпталып жатыр ("Ұрлықтан" басқа). Жанар Толыбаева "Ұрлық" және "Қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша айыпталып отыр.

"Арман Құдайбергеновті айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Нұралы Қиясов айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жанар Толыбаеваны айыпты деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деді прокурор Досов.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы соттан жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорының пайдасына Құдайбергенов пен Қиясовтан 30 АЕК көлемінде (75 750 теңге), ал Толыбаевадан 20 АЕК көлемінде (50 500 теңге) ақша өндіріп алуды сұрады.

"Менің оған шамам келмеді". Арман Құдайбергенов Денис Тенмен төбелесі жайлы

Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer