21 шілде 2020 18:32

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Цой Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шектеу шаралары алынған күннің өзінде коронавирус инфекциясы ешқайда кетпегенін, ол біздің жанымызда екенін түсіну керек. Біз оған үйреніп, оны еңсеріп, өмір сүруіміз керек. Өмір жалғасады. Әр адам ауа райына да үйреніп кетеді. Жаңбыр жауса, қолшатыр аламыз, егер күн суып, жыл мезгілі ауысса ойланбай жылы киінеміз, себебі ол автоматты түрде болады", - дейді министр. 

Алексей Цой барлық шара қашықтан өтуі керегін айтты. 

"Егер инфекция, қандай да бір эпидемиологиялық жағдай не ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция бар болса, маска тағу, достарыңның арасында арақашықтықты сақтау нормаға айналуы керек. Бұл қалыпты жағдайға айналуы керек", - дейді ДСМ басшысы. 

"Мен еліміздің әрбір азаматы денсаулық сақтау жүйесіне сабырлық таныта отырып көмектессе деймін және бұл мемлекет, өзіміз, балаларымыз бен жақындарымыз үшін үлкен көмек болады. Соның ішінде, жеке гигиенаның сақталуы, қашықтықтың сақталуы, қолды жуу, салауатты өмір салтын ұстану, иммунитетті көтеру мен спорт.  

Яғни, егер біз жалпы организмімізді жақсартып, шектеу шарасын сақтайтын болсақ, меніңше, инфекцияны жеңіп, бұл кезеңнен өтеміз", - деді министр ОКҚ брифингінде. 

Коронавирусты қайтадан жұқтыру мүмкін бе?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети