Денсаулық сақтау министрлігі кешірілмейтін жайбасарлық танытып отыр - Тоқаев менингит жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі кешірілмейтін жайбасарлық танытып отыр - Тоқаев менингит жайлы © Тұрар Қазанғапов

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менигитке қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менигитке қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менингит инфекциясының таралуы көнуге болмайтын жағдай. Осы профильдегі министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, Парламент сенатының депутаттары үкіметтегілерге сауалхат жолдайды.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді. "Менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. (...) Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұраймыз", - деген еді Біртанов.

Сондай-ақ, осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, бүгін Қызылордада 27 жастағы ер адамның менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны айтылды.
Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети