26 қараша 2021 09:36

Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" тіркеу мерзімінің аяқталуы туралы қауесетті жоққа шығарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазнет қолданушылары халыққа "Спутник-V" вакцинасын салу заңсыз, себебі препаратты ҚР аумағында тіркеу биыл 15 қазанда аяқталды деген ақпарат таратып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake сайтына сілтеме жасап.

"ҚР ДСМ МжФБК бұйрығына сәйкес, SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған құрамдастырылған векторлық вакцина - Гам-КОВИД-Вак вакцинасына берілген уақытша тіркеу куәлігі 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды", – деп хабарлады ведомстводан.

Яғни Қазақстанда "Спутник-V" тіркеу мерзімі аяқталғаны туралы ақпарат қауесет саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети