26 маусым 2020 14:15

Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лязат Ақтаева. Сурет: primeminister.kz Лязат Ақтаева. Сурет: primeminister.kz

Лязат Ақтаева денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді. 


Лязат Ақтаева денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Лязат Мейрашқызы Ақтаева берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Лязат Ақтаева 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1988 жылы) және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2003 жылы) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласының №3 перзентханасында акушер-гинеколог болып бастаған. Әр жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. 2017 жылғы ақпан айында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған.

Айта кетейік, мұның алдында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айығып шыққанша Лязат Ақтаева уақытша оның міндетін атқаратыны хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети