18 ақпан 2022 16:26

Денсаумин жалған вакцинация мәртебесі туралы хабарлауға шақырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі кейбір медицина ұйымдары қазақстандықтарға жалған вакцинация мәртебесін жазып беретіні жайлы шағымдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі кейбір медицина ұйымдары қазақстандықтарға жалған вакцинация мәртебесін жазып беретіні жайлы шағымдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда азаматтардың атына тіркелген жалған вакцинация мәртебесіне қатысты шағымдар жиілеп кетті. Мысалы, Алматы тұрғынына Қызылордада вакцинациядан өткені туралы СМС-хабарлама келген, ол вакцина салдырмағанына қарамастан, вакцинация паспортын алуға рұқсат берілген. Неге бұлай болғанын түсіндіре аласыз ба" - деп сұрады тілші.

Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев осындай деректер бар екенін растады. Денсаулық сақтаудың электрон жүйесін дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаевтан оның себебін түсіндіруді өтінді.

"Иә, расында мұндай деректер бар. Бұның әртүрлі себебі бар. Көп жағдайда медицина қызметкерінің науқас туралы ақпаратты енгізу кезіндегі қарапайым қате жіберуінен болады. Кейде тіпті әдейі жасалады. Осындай жағдайға тап болған азаматтар Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласа алады. Біз шағым түскен медициналық ұйымды тексереміз. Ақпарат расталса Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры экономикалық шаралар қолданады. Яғни, қате жіберген медициналық ұйымға айыппұл салынады", - деп түсіндірді Есенбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети