06 қыркүйек 2023 14:12

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қызды ұрды деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары

Танымал спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов екінші ұлымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов екінші ұлымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы Әкежан қызды соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болды. Мәжілісмен бұл жағдайдан бейхабар болғанын, жаңа ғана білгенін айтты

"Олар - ересек адамдар. Оны өздері шешеді", - деп түсіндірді Тұрлыханов.

Сондай-ақ, депутаттан ұлдарының мұндай әрекеті абыройына кедергі келтіреді деп ойлайсыз ба деген сұрақ қойылды.

"Ондай бар. Бұл жаңалықты дәл қазір сізден естіп тұрмын", - деді Мәжіліс депутаты.

Тұрлыханов ұлымен әңгімелесуге уәде берді. Мәжілісменнің айтуынша, ол ешқашан әйелдерді ұрмаған.

"Мен тек кілемде күрестім", - деп жауап берді ол.

"Отставкаға кетесіз бе?" деген сауалға мәжілісмен "уақыт көрсетеді" деп жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.

Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети