25 мамыр 2015 16:56

Депутат Қазақстанда бірыңғай мектеп формасын өндіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Депутат оқушыларға Қазақстанда өндірілген бірыңғай мектеп формасын кигізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәлімдемені Мәжіліс депутаты Парламентте "Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту" мәселелерін талқылау барысында жасады.


Депутат оқушыларға Қазақстанда өндірілген бірыңғай мектеп формасын кигізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәлімдемені Мәжіліс депутаты Парламентте "Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту" мәселелерін талқылау барысында жасады.

"Негізгі қорқыныш оқушыларды сапалы әрі денсаулықтарына қауіпсіз мектеп формасымен қамтамасыз ету болып отыр. Күз сайын қазақстандық ата-аналарда мектеп формасын іздеу, тапсырыс беру деген мәселе басталады, себебі бізге мектеп формалары Қытайдан, Түркия мен Қырғызстаннан әкелінеді. Мынадай сұрақ туады: біз балаларымызға не сатып алып жүрміз? Аз емес ақшаға бізге сапасы төмен тауар ұсынылады, қауіпсіздік пен шығарылымы туралы куәліктері де жоқ. Ең сорақысы, мектеп формасы үшін синтетикалық мата қолданылады, ол бала денсаулығы үшін аса қауіпті", - деді депутат Сейітсұлтан Айымбетов, қазақстандықтардың шетелдік өндірушілердің тауарын сатып алып, өз өндірушілерімізге қолдау көрсетудің орнына өзге елдің экономикасын байытып жатқанын айтып.

"Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының мәліметінше, қазақстандық оқушылардың саны шамамен 2 миллион, егер бір балаға шамамен 15 мың теңгеге мектеп формасы сатып алынса, нарық көлемі жыл сайын шамамен 30 миллиард теңгеге жетеді деген сөз. Сондықтан үкіметтің бірыңғай мектеп формасын енгізу туралы мәселені қарайтын уақыты жетті және оны тек қана Қазақстанда өндіруді міндеттеу керек", - деді депутат Айымбетов депутаттар мен үкімет мүшелеріне.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада ҚР БҒМ Мектепке дейінгі білім беру департаменті директоры Жаңыл Жантаева Қазақстанда бірыңғай мектеп формасының әзірше енгізілмейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, мектеп формасы білім беру мекемесінің жарғысына сәйкес белгіленеді.

"Білім беру туралы заңда да солай көрсетілген. Бізде сауалнама жүргізілді - бүгінгі таңда ата-аналардың 80 пайызы балаларының мектеп формасын кигенін қалайды, шамамен 10 пайызы - "қарсы", тағы 10 пайызы жауап беруден тартынды. Қазір мектептердің шамамен 80 пайызында бірыңғай форма бар, бұл жарғыда жазылуы тиіс. Мектеп фомасын сатып алу - бюджетте қарастырылмаған, оған ата-ана төлейді, бірақ балалардың белгілі бір санаты бар, бекітілген, олар мектеп формасымен қамтамасыз етіледі. Қалған балаларға ата-аналары сатып әпереді", - деді бұған дейін Жонтаева.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети