Депутат “Қазатомөнеркәсіптің“ миллиардтаған теңгелік сатып алуларына күмән келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат “Қазатомөнеркәсіптің“ миллиардтаған теңгелік сатып алуларына күмән келтірді Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының кейбір сатып алуларына қатысты жария түрде күмән келтірді. Атап айтқанда, ол компания сатып алуларының басым бөлігін екі фирма ұтып алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының кейбір сатып алуларына қатысты жария түрде күмән келтірді. Атап айтқанда, ол компания сатып алуларының басым бөлігін екі фирма ұтып алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Депутат Мәжілістің экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің отырысында бұл компаниялар тендерлерге үнемі екеулеп қатысатынын, бір конкурста біреуі жеңсе, келесінде екіншісі жеңімпаз атанатынын айтты.

Депутат ұлттық компания өкілдеріне қойған сұрағын "баланың сұрағындай" қарапайым деп атады.

"2025 жылға арналған жалпы сома шамамен 20 миллиард теңге, ал 2024 жылға 13 миллиард теңге болды. Сомалар қомақты. Бірақ неге олардың ұялы телефон нөмірлері бірдей? - деп сұраған Базарбек компания өкілдеріне мемлекеттік сатып алу порталынан алынған скриншоттарды көрсетті.

Ұлттық компания өкілдері не деп жауап берді?

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков компанияда екі жеткізушінің байланыс нөмірлері не себепті сәйкес келетіні туралы мәліметі жоқ екенін хабарлады.

"Сіз сұрақты баланың сұрағы дедіңіз, бірақ мен үлкендерше жауап бергім келеді. Бізде комплаенс қызметі жұмыс істейді, барлық компания дайын құжаттармен қатысады. Бәлкім, олар заңгерлер жалдаған болар, солардың телефондары көрсетілген шығар. Біз бұны білмейміз, мұндай фактілерден бейхабармыз", - деді ол.

Сондай-ақ ол бұл конкурстар ұңғымаларды технологиялық жабдықтау бойынша арнайы жұмыстарға қатысты екенін түсіндірді.

"Ол жерде біздің өндірістік технологиялық процесімізге байланысты өте күрделі жұмыстар жүргізіледі. Тиісінше, бұл жұмыстарға үміткер мердігердің үлкен біліктілік базасы болуы тиіс. Бұл жұмысты кез келген компания атқара алмайды, бәрінде бірдей тиісті лицензиялар жоқ. Осыған байланысты азаматтарымызда осындай түсінік қалыптасады. Бірақ іс жүзінде біздегі процестердің мейлінше ашық екенін нық сеніммен айта аламын", - деген Омарбеков, тексеріс жүргізетіндерін айтты.

Бақытжан Базарбек бұл жерде өзара байланысы бар компаниялар туралы сөз болып отыр деген пікірін білдірді.

"Қараңызшы, бұл бірдей фирмалар. Егер оларды тексерсе - құрылтайшылары бір адамдар. Негізінде, сатып алу кезінде әртүрлі компания барынша көп қатысатындай жағдай жасау керек. Сіздер тіпті қарапайым нәрсені дәйектей алмай отырсыздар", - деді мәжілісмен.

"Қазатомөнеркәсіп" - Қазақстанның ұлттық атом компаниясы және әлемдегі ірі уран өндірушілердің бірі. Компания уран өндірумен, оны өңдеумен және уран өнімдерін сатумен айналысады, ядролық отын цикліне қатысады, шетелдік серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асырады және Қазақстандағы бірқатар уран кен орнын басқарады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 468.29   549.25   6.22 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер