20 қазан 2022 | 13:03

Депутат Кіші Аралды сақтауға қатысты жобаны қаржыландыру мәселесін көтерді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы қаржыландыру мәселесіне байланысты Кіші Аралды жоғалтып алуымыз мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Мұрат Бақтиярұлы қаржыландыру мәселесіне байланысты Кіші Аралды жоғалтып алуымыз мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің атына жолдаған сауалында депутат 2005 жылы "Сырдарияның арнасын реттеу және Кіші Аралды құтқару" жобасы аясында Көкарал бөгеті салынғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жоба республикалық бюджеттен және Дүниежүзілік банктен қаржыландырылған. Бүгінде бөгеттің 200 метрін су шайып кеткен және бұл учаскені жедел жөндеу қажет.

"Жобаның құны төрт миллиард 582 миллион теңге болады. Биыл қыркүйекте өткен республикалық бюджет комиссиясы отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне Су ресурстары комитетінің бюджетін қайта бөлу арқылы жобаны бастау үшін 500 миллион теңге бөлінді. Алайда 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте бұл жобаны қаржыландыру қарастырылмаған. Президенттің Көкарал бөгетін нығайту туралы тапсырмасы еленбей қалды", - деп ашуланды сенатор.

Депутаттың айтуынша, қазір Көкарал бөгетін сақтап қалмаса, экологиялық апат болуы мүмкін. Яғни, бүгінде 27 миллиард текше метр су жиналған Кіші Аралды жоғалтып алуымыз мүмкін.

"Осыған байланысты жобаның ауқымдылығы мен маңыздылығын ескере отырып, қалған төрт миллиард 82 миллион теңгені нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет аясында бөлуді сұраймыз", - деді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети