17 ақпан 2021 15:28

Депутат прокурорлардың жұмысына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Қазақстанның Бас прокурорына жергілікті прокурорлардың жұмысына наразылығын білдіріп, сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Қазақстанның Бас прокурорына жергілікті прокурорлардың жұмысына наразылығын білдіріп, сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісменнің айтуынша, прокуратура органдарының беделі барлық уақытта мызғымас, кез келген азамат білікті көмек ала алатын, ал кәсіпкерлер арасында қадағалаушы ғана емес, ең алдымен құқық қорғау органы ретінде қабылданып келген.

"Алайда кейінгі жылдары прокурорлар өтінішті қарау кезінде қолданыстағы заңнамаға сілтеп, істен бас тартып, жұмыстан шет қалып барады. Олар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 435-бабына сәйкес, сот актілеріне мемлекет, қоғам және өзін-өзі қорғай алмайтын азаматтар мүдделерін қозғайтын істер бойынша ғана наразылық білдіре алады. Бұл жағдайда әділ сот төрелігінен үміттенетін, шындықты іздейтін азамат немесе кәсіпкер мемлекет немесе шенеунік қысымынан қалай қорғанады?", - деді депутат.

Мақсат Раманқұловтың айтуынша, басқа жағдайларда прокурор "Прокуратура туралы" Заңның 6-бабына сілтеме жасай отырып, нақты жекелеген деректерге ден қоюдан бас тарта алады. Онда "шектеусіз адамдар тобының" мүдделерін қозғайтын не "адамдар өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарлардың алдын алу" жағдайы ғана айтылады.

"Шектеусіз адамдар тобы" дегеніміз не? Бұл бір іске қатысты жаппай шағым түсуі", - деді ол.

Депутаттар құқық қорғауда толыққанды қадағалау функциялары мен прокуратура органдары белсенділігін қалпына келтіру қажет деп санайды.

"Біз бұл мәселені жиі талқылап келеміз. Бірақ Президенттің өзі бұл мәселені қозғағаннан кейін жағдайды өзгерте аламыз деп үміттенеміз", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Бас прокуратура басшылығымен кездесуде мемлекет басшысы прокуратура органдарын халық мүддесі үшін реформалау маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, президент кәсіпкерлерді тексеру жүйесін сынап, онда кәсіпкерлер бірнеше ай бойы өз құқықтарын қорғауға қол жеткізе алмайтындықтарын айтқан еді. Ол прокурорлар мен тексеруші органдарға бизнеске қатысты заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети