Депутат сот орындаушылары, МҚҰ және коллекторлар арасындағы күмәнді байланыс туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат сот орындаушылары, МҚҰ және коллекторлар арасындағы күмәнді байланыс туралы айтты Фото:gov.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеке сот орындаушыларының (ЖСО) микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктермен байланысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Бас прокуратура анықтаған заңбұзушылықтарға қарамастан, кінәлі тұлғалар әлі күнге дейін лицензиясынан айырылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеке сот орындаушыларының (ЖСО) микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктермен байланысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Бас прокуратура анықтаған заңбұзушылықтарға қарамастан, кінәлі тұлғалар әлі күнге дейін лицензиясынан айырылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

17 маусымда Мәжілістің жалпы отырысында Бақытжан Базарбек бас прокурор Берік Асыловқа, әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевқа жолдаған депутаттық сауалын оқып берді. Сауал кейбір нотариустар мен ЖСО-лардың микрокредиттік ұйымдармен заңсыз өзара іс-қимылы туралы болды.

Депутат 2023 жылдың өзінде Бас прокуратура нотариустар мен жеке сот орындаушыларының қызметіне тексеру жүргізіп, күрделі заңбұзушылықтарды анықтағанын еске салды.

Депутаттың айтуынша, кейбір жеке сот орындаушылары іс жүзінде микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға тәуелді болған.

"Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, МҚҰ қызметкерлері мен коллекторларға Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (АЖО ААЖ) заңсыз қолжетімділік берілген. Кейбір ЖСО бұл заңбұзушылық екенін біле тұра, адамдарды МҚҰ мен коллекторлардың талан-таражына әдейі беріп отырған", - деді Базарбек.

Ол ЖСО кеңселерінің коллекторлық компаниялармен бір ғимаратта орналасқандығын, ал олардың көмекшілері мен соттағы өкілдерінің арасында коллекторлық агенттіктердің бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлері жұмыс істегені туралы бірқатар мысал келтірді.

Депутаттың сөзінше, прокурорлық тексеру мәліметтері бойынша, бөгде тұлғалардың АЖО ААЖ жүйесіндегі жеке кабинеттерге кіруі, сондай-ақ МҚҰ мен коллекторлық ұйымдардың қызметкерлеріне сенімхаттар беру жағдайлары тіркелген.

Сондай-ақ депутат ЖСО мен коллекторлар арасындағы қаржылық байланыстар туралы деректерді жариялады.

"Тексеру нәтижесі бойынша 41 ЖСО коллекторларға тұрақты түрде қаражат аударып отырған. Ал барлық өңірде 67 ЖСО коллекторлар мен МҚҰ-ларға 220 миллион теңгеден аса қаражат аударған", - деді Бақытжан Базарбек.

Сонымен қатар парламентарий басты мәселе анықталған заңбұзушылықтарда емес, оған қатысушылар үшін ешқандай салдардың болмауында деп санайды.

"Ең сорақысы - прокурорлық тексерудің нәтижесі емес, оның салдары. Прокуратура ұсынысында көрсетілген тұлғалардың барлығы қазіргі уақытқа дейін аман-есен жұмыс істеп жатыр. МҚҰ мен коллекторларға тәуелді ЖСО-ларды лицензиясынан айыру туралы талап арыздар қозғалған жоқ", - деді мәжілісмен.

Оның пікірінше, іс жүзінде прокурорлық қаулы орындалмай қалған.

Осыған байланысты Базарбек Әділет министрлігінен аталған ЖСО-ларды лицензиясынан айыру туралы сотқа талап арыз беруді, әділет органдарының лауазымды тұлғаларын жауапқа тартуды, сондай-ақ туыстары МҚҰ мен коллекторлық ұйымдарда жұмыс істейтін және бірлесіп пайда табатын сот орындаушыларының лицензияларын тоқтата тұруды талап етті.

Бұдан бөлек, депутат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне аффилирленген коллекторлық және микроқаржы ұйымдарын тексеруді, ал Бас прокуратураға - өз нұсқамаларының орындалуын ерекше бақылауға алуды ұсынды.

Айта кетейік, депутат Базарбек құзырлы органдардың назарын ЖСО қызметіне бірінші рет аударып отырған жоқ. Сәуірде өткен Мәжіліс отырыстарының бірінде депутат жеке сот орындаушыларының (ЖСО) жұмысындағы ауқымды заңбұзушылықтар туралы мәлімдеген болатын.

“Білуіміз керек“: Депутат Базарбек “жағымсыз“ құжатты көрсетті

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.23   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +25
Ақтау +25
Ақтөбе +29
Атырау +30
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +29
П
Павлодар +26
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +27
Тараз +31
Түркістан +22
О
Орал +26
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер