17 қараша 2014 14:25

Депутат Үсеновтің әкесіне ұлын белбеумен сабауға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев Алматыда тағы да жол-көлік оқиғасын жасаған Мақсат Үсеновтің әкесіне ұлын белбеумен сабауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz


Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев Алматыда тағы да жол-көлік оқиғасын жасаған Мақсат Үсеновтің әкесіне ұлын белбеумен сабауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Жұртшылық Үсенов жасаған құқықбұзушылығы үшін әділ жазадан тағы да құтылып кетеді деп алаңдаушылық білдіріп жатыр. "Мен азаматтарымыздың наразылығын қолдаймын, бірақ, өкінішке қарай, заң да, сіз бен біз де ештеңе істей алмай отырмыз. Егер ол өзіне сондай қымбат көлік алған болса, айыппұлды да төлей алады деп ойлаймын. Ол басқа жүргізушілер үшін бәле болып отыр. Мен әр апта сайын Қарағандыға барып тұрамын, сондай бас қайғы болған жүргізушілерден қауіптенемін", - деп мәлімдеді Тінікеев журналистерге Парламенттегі үзіліс кезінде.

"Бұл - жолда жүретіндердің бәрінің, ең алдымен, ата-анасының проблемасы болып отыр. Бір жағынан, оларды түсінуге болады, қиналып, қандай да бір шара қолданатын болады. Бірақ оның әкесіне кілтті тартып алу керек, ал достары теріс айналуы қажет деп ойлаймын. Оған рөлге отыруға мұрша бермеу керек. Әкесі белбеуді алып, сабауы қажет", - деді ол. 

Еске сала кетейік, 2013 жылы BMW X6 көлігімен алты жаяу жүргіншіні қағып, 2018 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған Мақсат Үсенов тағы да жол-көлік оқиғасын жасады. Бұл жолы, 2014 жылдың 15 қарашасында ол Mercedes автокөлігімен қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 38 жастағы әйел басқарып келе жатқан Toyota RAV4 көлігін соқты. Басынан жарақат алған әйел №7 ауруханаға жеткізіліп, сол күні шығарылды.

Кейін Алматы сотында Үсеновтің 20 тәулікке қамауға алынғаны мәлім болды. Куәгерлердің айтуына қарағанда, ол 15 қараша күнгі жол-көлік оқиғасынан кейін автокөлігінің жолаушылар отыратын орнына ауыса салған

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметтің айтуынша, қазір Мақсат Үсенов дәрігерлік куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін ғана жазаланды. "Бұл - тек бірінші материал. Тексеру жүргізіліп жатыр. Әкімшілік сотқа тағы да істер түседі", - деді ол. Ешіметтің айтуынша, Mercedes көлігі құрылыс компаниясының атына рәсімделген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети