10 қараша 2022 16:16

Депутатқа Қазақстан туы жабылған жылқы берілген: әкімдік пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы Құрманғазин ауданында аудандық мәслихат депутатының 63 жылдық мерейтойына жылқы сыйға тартылған. Осыдан кейін туған күн иесі қатаң сынға ұшырады. Бұл туралы ATPress.kz жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде мемлекеттік туға "оралып", шенеунікке жасалған ерекше сыйлық қызу талқыланып жатыр. Олардың көпшілігі ауыл тұрғындары шектен шыққан деген пікірге келіскен.

Жағдайға қатысты облыс әкімдігі пікір білдірді.

"Бұл сыйлық ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің, сондай-ақ Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылдық округінің тұрғындары атынан жасалған. Туған күн иесіне құрмет ретінде атқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының элементтері бар арнайы жабу жабылған. Айта кетейік, бұл жабу зоодүкенінен сатып алынған", - деді әкімдік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети