13 қыркүйек 2023 15:55

Депутаттар мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешу жолын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/astanovka98 Фото: instagram.com/astanovka98

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда білім алушының көптігінен, мектеп орындарының жетіспеушілігі мәселесіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда білім алушының көптігінен, мектеп орындарының жетіспеушілігі мәселесіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймағамбетов оқушы орындарының жетіспеушілігі мен үш ауысымды мектептер туралы біледі - ол бұған дейін Оқу-ағарту министрлігін басқарған. Оның айтуынша, бұл дайын әлеуметтік инфрақұрылымы жоқ, оның ішінде мектебі де жоқ аудардарда тұрғын үй кешендерінің құрылысына байланысты. Сондықтан ата аналар балаларын басқа мектепке апаруға мәжбүр.

"Онда үш ауысымда оқиды. Әкімдік мұндай айқын нәрселерді ескермей, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына(құрылысқа -Ест.) рұқсат бергеніне, балалардың кінәсі жоқ. Біз қазір заң жобасын дайындап, оны Үкіметке жолдадық. Бұл заң жобасы қазірдің өзінде Үкіметтің қорытындысына кетті. Онда біз дайын мектеп, балабақша және әлеуметтік инфрақұрылым болмаса, осындай көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына рұқсат беруге тыйым саламыз", - деді Асхат Аймағамбетов мәжіліс аясында.

Депутат кейбір ауданда мектеп салу үшін бос орындар жоқ екенін айтты. Бұл мәселені заңға енгізілген түзету кезінде де ескеру қажет.

"Біз көптеген мектеп соға аламыз, бірақ мектеп салатын жер жоқ. Ата-аналар балаларын апара алмайды және жаңа мектеп салу мүмкін емес. Әрине, қосымша есептен жағдайдан шығуға тырысамыз, бірақ бұл шешім емес, мәселені жүйелі түрде шешу керек", - деді мәжілісмен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети