15 қаңтар 2020 13:09

Депутаттар мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары ресейлік телеарнада тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Онда Қазақстанда 2020 жылы наурызда парламент сайлауы өтетіні айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаттары ресейлік телеарнада тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Онда Қазақстанда 2020 жылы наурызда парламент сайлауы өтетіні айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен ресейлік телеарналардың не айтып жатқанына пікір білдіре алмаймын, өйткені мен оны көрмедім және естімедім де. Алайда біздің партияның саяси кеңесінің отырысында, Парламент және Елбасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының отырысында сайлаудың конституциямен бекітілген мерзімінде өтетіні айтылды", - деді Мәжіліс спикерінің орынбасары Гүлмира Исимбаева. 


 "Россия 24" телеарнасының кадрынан үзінді

"Россия, қызбалыққа салынып отыр. Өздеріңіз білесіздер, бізде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудың конституциялық мерзімде - 2021 жылдың ақпан айында өтетінін бірнеше рет айтты. Ал біреудің қандай да ойлары бары екен деп және жаңажылдық мерекелердің салдарынан пайда болатын нәрселерді маған айту қиын", - деді депутат, Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко.

Ол сондай-ақ, оның келесі сайлауға қатысуы туралы шешімді Қазақстан халқы Ассамблеясы қабылдайтынын атап өтті.

Ресейлік "Россия 24" мемлекеттік телеарнасы Қазақстанда парламенттік сайлау 2020 жылдың наурыз айында өтеді деп айтылған бейнеролик жариялады. 

Заңға сәйкес сайлау 2021 жылы өтуі тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети