Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Диас Қадырбаевтың құрбысы сотта жауап берді

10 Шілде 2014, 10:54
0
©Nnm.me
©Nnm.me

Диас Қадырбаевтың құрбысы Баян Күмісқали Бостон федералдық сотында Бостондағы террорлық әрекетті тергеуде сот төрелігіне кедергі келтіру ісі бойынша жауап берді, - деп хабарлайды Bloomberg.com. Диас Қадырбаев 2013 жылдың сәуір айында құқық қорғау органдарына қазақстандық досы Азамат Тәжаяқовпен және америкалық Робел Филиппоспен бірге ұсталған болатын.

Тәжаяқовқа қатысты іс қаралған сот процесі барысында қатысушылар Күмісқалидің бейнежазбаға күні бұрын жазылған жауаптарын тыңдады. Қыз Диас Қадырбаев пен оның достарының 2013 жылдың 18 сәуірінде қазақстандық студенттер тұратын пәтерге Бостон теракты бойынша айыпталушы Джохар Царнаевтың қоржынын әкелгеніне наразы болғанын айтты. Оның айтуынша, қазақстандық студент мұндай заттарды үйде сақтаудың қауіпті екенін білмеген. Дегенмен, қыздың айтуынша, үш күдікті де сол кезде Царнаевтың айыпталып жатқанынан хабардар болды, өйткені оның суреті теледидардан көрсетіліп жатқан еді. "Егер телеарнадан көрсетілген адам шынында да Джохар болса, бұл заттың айғақ болатыны белгілі. Мен оны пәтерде көргім келмейтінін айттым, пәтерден алып кетіңдер дедім", - деп әңгімеледі Күмісқали.

Баян Күмісқали мен Диас Қадырбаев алтыншы сыныптан бері таныс. Қыз - айыптау бойынша куәгер. Ол соттан процесте жауап бергені үшін қудаланбау туралы иммунитет алған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, үш күдікті Царнаевтың сөмкесін көшедегі қоқыс контейнеріне тастаған. Бір аптадан соң Федералдық тергеу бюросының агенттері айғақ заттарды қоқыстан тапты. Еске сала кетейік, бұған дейін Қадырбаевтың құқық қорғау органдарын заңсыз жауап алды деп айыптағаны хабарланған еді. Ол агенттердің өзін әшкерелеуші мәлімдеме жасауға алдап көндіргенін айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай