"Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобында болуы ықтимал адамдар ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қоюға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қоюға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, соңғы екі жылда 140-тан аса осындай топтардың қызметі тоқтатылған. Криминалитеттің 550-ден аса өкілі жауапқа тартылған.

"Аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде "қаңтар оқиғасы" кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша белсенді кезең аяқталып жатыр. Биылғы тамызда ҰҚК және Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта "Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесіне қатысты ұстау және тінту шаралары жүргізілді. Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жасауды жалғастырған", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

40-тан аса тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Бұдан басқа, ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшылары мен негізгі қатысушылары отырған мекемелерде жедел жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу және тиісті режимді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.57  course down  570.44  course down  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer