03 қыркүйек 2022 09:08

Дизель тапшылығынан Шымкент күл-қоқысқа толды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент күл-қоқысқа толды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір аптадан астам уақыттан бері қала көшелерінен тұрмыстық қалдықтар шығарылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алғашында қала тұрғындары мерекеге байланысты арнайы көліктер келмей жатыр деп ойлаған. Кейін тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорындар көліктерді желіге қоймағаны анықталған. 

Коммуналдық қызмет 2 қыркүйекте жағдайды түсіндіріп, қоқыс жинайтын ұйымдар дизельдік отын тапшылығынан келе алмай жатқанын, бірақ мәселе жақын арада шешілетінін айтқан. 

"Қазіргі уақытта қоқыс шығаратын компаниялардың өз міндеттерін қалай орындап жатқанын тексеру үшін табиғатты қорғау полициясы мен табиғатты қорғау басқармасына хат жолдап жатырмыз", - дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети