Доллар неге қымбаттап жатыр және бұдан әрі не болады: Ұлттық банк пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар неге қымбаттап жатыр және бұдан әрі не болады: Ұлттық банк пікірі Фото:depositphotos.com

Теңгенің бірнеше ай бойы нығаюынан кейін доллар қайта қымбаттай бастады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл немен байланысты екенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теңгенің бірнеше ай бойы нығаюынан кейін доллар қайта қымбаттай бастады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл немен байланысты екенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Ұлттық банк басшысынан биылғы жазда америкалық валюта бағамы қалай өзгеретінін сұрады. Сүлейменовтің айтуынша, валюта нарығындағы қазіргі жағдай таңғаларлық емес.

"Меніңше, бұл жағдайға аса таңғалудың қажеті жоқ. Бізде долларына 500 теңге шамасындағы бағам мұнай бағасы барреліне 65–70 доллар деңгейінде болған кезде тіркелген еді. Негізгі экспорттық тауарымыз мұнайдың құны екі есеге жуық өскенде, валюталық түсім де артады. Теңге бағамының нығаятыны анық", - деп түсіндірді ол.

Ұлттық банк басшысы бағамға валюта ұсынысы ғана емес, сұраныс та әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, сұраныс көбіне инвестициялық жобалардың, сондай-ақ корпоративтік, квазимемлекеттік және мемлекеттік сектор бағдарламаларының іске асырылуымен айқындалады.

"Мұнда маусымдық фактор бар: әдетте жыл басында сұраныс аз болады, ал жыл ортасы мен соңында артады. Біз дәл осы маусымдықты көріп отырмыз", - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы бағамның өзгеруі нарықтық процесс екенін айтты.

"Доллардың әлсіреу, одан кейін біршама нығаю бағытындағы қозғалысы жүйелі құбылыс және ол нарық заңдылығымен айқындалады", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңге бағамына қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берген болатын.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда кейінгі екі жылда алғаш рет базалық мөлшерлеме төмендетілді. Мөлшерлеме жылдық 18 пайыздан +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен 17 пайызға дейін төмендетілді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +28
Ақтау +24
Ақтөбе +22
Атырау +28
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +33
П
Павлодар +25
Петропавл +32
С
Семей +25
Т
Талдықорған +28
Тараз +31
Түркістан +24
О
Орал +29
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер