03 тамыз 2020 15:10

"Дөңгелектерді жуғым келген". Үлкен Алматы өзеніне көлігімен кіріп кеткен жүргізушіге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен Алматы өзеніне Range Rover маркалы көлігімен кірген жүргізуші табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үлкен Алматы өзеніне Range Rover маркалы көлігімен кірген жүргізуші табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші 35 жастағы Алматы тұрғыны болып шыққан. Оның өзен бойымен көлік айдағанын көрген тұрғындар ашуланып, жағдайды анықтау үшін әкімдікке жүгінген.

"Көлік жүргізушісі дереу анықталып, бөлімшеге шара қолдану үшін жеткізілді. Ол 1985 жылы туған Б. мырза, тәртіп бұзушылық 30 шілдеде болғаны анықталды. Ол көлігінің дөңгелектерін жуу үшін өзенге барғанын түсіндірді. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. ҚР ӘҚбК-нің 434-2-бабына сәйкес құқық бұзушы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 5 АЕК (13 мың 890 теңге) көлемінде айыппұл салынды, - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Сатаров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети