21 маусым 2023 14:19

Досаев су мәселесі туралы: Кім адамдарды есептен жегенін білеміз

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев© Фото Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев©

Ерболат Досаев Алматыдағы Каменское үстіртіндегі су мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ерболат Досаев Алматыдағы Каменское үстіртіндегі су мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімімен кездесуде "Тау самалы" ықшамауданының (бұрынғы Каменское үстірті) тұрғындары ауызсудың қашан берілетінін сұрады.

"Каменское плато тұрғындарын ауызсумен және кәрізбен қамтамасыз етуді сұраймыз", - дейді жергілікті тұрғындар.

Әкім Ерболат Досаев Каменское плато қалаға қосылған аумақ екенін айтты.

"Ондағы проблемалардың барлығы бұрын пайда болған. Аудан әкімі екеуміздің осы проблемаларға қатысты өз ойларымыз бар. Біріншіден, сумен және кәрізбен қамтамасыз ету. Биыл Балқаштағы жұмыстарды аяқтасақ, тұрғындарды базалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. ТЖ аясында мен Балқашта және басқа жерлерде жаңа резервуарлар, сондай-ақ жаңа сорғы станциясы мен желілер салу үшін 3,5 миллиард теңге бөлдім. Ал балабақшалар мен оңалту орталықтары туралы – олардың барлығы жергілікті бюджетпен қаржыландырылады", - деді әкім.

Алматы әкімінің айтуынша, бұл мәселе бойынша жұмыс комиссия келгенге дейін жүргізіліп жатқан.

"Өздеріңіз білесіздер, мен келген сәттен бастап ешқандай рұқсат берген жоқпын, өйткені мен бүкіл Каменское платоны сумен қамтамасыз ету мәселелерін білемін. Өкінішке қарай, бізде сатылған пәтерлер бар, олар алдын ала төленген. Рұқсаттарды "Алматы судың" аудандық басқармалары берген. Біз рұқсатты кім бергенін, адамдарды есептен жегенін білеміз. Ең бастысы, біз барлық мәселелерді зерделедік. Қажет болса, аудан әкімі "Алматы сумен" бірлесіп, нысандар бойынша кімнің қай уақытта алғанын көрсетеді. Антикор қалада берілген техникалық шарттар бойынша тексеру жүргізді. Жұма күні материалдарды бізге жібереді деп үміттенеміз. Олар бойынша "Алматы Су" тағы пысықтайды. Егер сіз өз деректеріңізді қалдырсаңыз, аудан әкімі шілде айының ортасына дейін барлық мүдделі адамдармен кездесу өткізеді", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети