28 тамыз 2020 09:12

ДСМ әлеуметтік зерттеуге қомақты қаражат бөлмек

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kabar.kg Фото: kabar.kg

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын бағалау мақсатында 14 миллион теңгеге зерттеу жұмысын жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында "халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын бағалау үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізуге" тапсырыс жарияланды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл зерттеуге 14,2 миллион теңге бөлуге дайын.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қанағаттану индикаторын енгізу көзделген. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жыл сайын халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгей білу мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізеді", - дейді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети