31 шілде 2021 10:19

ДСМ вакцинаны сақтауды ерекше бақылауға алды

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтауды ерекше бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтауды ерекше бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 шілдеде елдегі эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте Қазақстанның кейбір өңірінде коронавирусқа қарсы вакцина дұрыс сақталмағанын атап өткен болатын.

"Өңірлердің бәрі бірдей бұл жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмайды. Вакциналарды сақтаудың температуралық режимін бұзудың көптеген егу пунктінің шамамен 30 пайызында анықталды", - деді Мемлекет басшысы.

Бұл ақпаратты 2021 жылғы 23 шілдедегі брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері де растаған болатын.

Биыл ақпанда коронавирусқа қарсы вакциналау басталған кезде елімізде 200-ден аса егу пункті жұмыс істесе, 23 шілдедегі жағдай бойынша, 2300-ден аса пункт жұмыс істеп жатыр.

Бастапқыда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет вакцинация процесі басталғанға дейін егу пункттерінің ашылуына байланысты тексеріс жүргізілген. Сондай-ақ, вакциналау кезінде санитариялық қағидалар талаптарының сақталуына, оның ішінде салқын тізбек сақталуына мониторинг жүргізіледі.

"Негізінен, әрбір үшінші егу пунктінде (шамамен 30 пайыз) жұмысқа рұқсат алғанға дейін санитариялық қағидалар талаптарының бұзылатыны анықталды. Бұзушылықтар жойылғанға дейін осы егу пункттерінің жұмыс істеуіне рұқсат берілген жоқ. Вакциналарды сақтау және тасымалдау кезінде "салқын тізбек" талаптарын сақтау халыққа профилактикалық егуді жүргізу кезінде маңызды шарт. Барлық ұйымдастырушылық және практикалық іс-шара вакциналарды сақтаудың оңтайлы температуралық жағдайларын сақтауға бағытталуы тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қолданыстағы егу пункттерінде салқын тізбектің, вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының, оның ішінде температуралық режимнің сақталуына тұрақты негізде мониторингті жүзеге асырады", - делінген хабарламада. 

Министрлік өкілдері вакцинаны сақтаудың температуралық режимін сақтау - вакцинациялау тиімділігінің кепілі екенін атап өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети