Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Эбола безгегі жайлаған елдерге барушы қазақстандықтар қадағалауда болады

13 Тамыз 2014, 14:20
0

Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі (қазіргі Ұлттық экономика министрлігі құрамындағы - автор еск.) сыртқы саяси ведомствадан Эбола безгегі жайлаған елдерге шығушы қазақстандықтардың тізіміне сұрау салды деп хабарлайды аталған мекеме баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Сыртқы істер министрлігіне Эбола безгегі жайлаған елдерге шығушы тұлғалардың, сол секілді Білім және ғылым министрлігіне отандық жоғары оқу орындарында оқитын індет тіркелген шет мемлекет студенттерінің тізімін ұсынуға ат салысуы жөнінде сауал жолданды" делінеді хабарламада.

Қазақстан Республикасы халқын жұқпалы індеттен қорғау мақсатында эпидимологтар қазақстандықтарға шет елге шығар алдында алдын ала ұсынылатын ескертпелер мен ақпараттарға айырықша құлақ түріп, оны есепке алуға кеңес береді. Әсіресе, мамандар індеттің беті қайтқанға дейін Эбола безгегі жайлаған мемлекеттерге сапарлауды жоспарламауға немесе оны кейінге шегеру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

Індетті жағдай туралы күнделікті мәліметтер www.azpprk.kz сайтында жарық көріп жатыр.

"Оңтүстік Африка елдерінде болғанда немесе ол жақтан оралғанда қандай да бір ауру түрі қылаң берсе, міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Еліміздің халықаралық әуе-жайларында Эбола індеті жайлаған мемлекеттерден келуші тұлғаларды санитарлық-карантиндік бақылаудан өткізу ісі мықтап қолға алынған"  дейді аты аталған агенттіктегілер. 

"Жыл басынан бері қарай мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде 978 мың 418 адам тексеріліп, олардың ешқайсысынан аталған ауру түрі анықталмаған. Ал шетелге шығушы ұшақ борты қызметкерлерінің барлығына санитарлық-карантиндік пункттерде аурудың алдын алу шаралары туралы үнемі ескертіліп, ақпараттар беріліп отырады. Еліміздің барлық өңірі мен ауыл-аймағында Эбола безгегі немесе басқа инфекцияның бой көрсетуінде не істеу қажеттігі бойынша жаттығулар жасалып жатыр" дейді құзырлы мекемедегілер.

ҚР мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Жандарбек Бекшин Гвинея, Либерия, Нигерия және Сьерра-Леон мемлекеттерінің денсаулық сақтау министрліктерінің мәліметі бойынша, Эбола безгегін жұқтыру бойынша жаңа фактілер әлі тіркеліп жатқандығын баса айтады. Бүгінгі таңда аты аталған мемлекеттерде Эбола безгегін жұқтырушылар саны 1848-ге жеткен, оның 1013-і көз жұмған.

Эбола безгегі - Эбола вирусы арқылы қозатын қауіпті ауру. Сирек кездеседі, бірақ өте қауіпті: оны жұқтырғандардың 50-90 пайызында көз жұмады. Қозу кезеңі екіден 21 күн аралығын қамтиды.  Эбола безгегі тікелей қанға түсу және науқас денесінен бөлінетін сұйықтықтар, сонымен қатар ауруды жұқтырушының ұстаған, тұтынған заттары арқылы тасымалданады. Шимпанзе, горилла және орман киігін ұстап, олардың қасына жақындау арқылы індетті жұқтырғандар туралы құжаттамалық дәлел де бар. Эбола безгегін жұқтыру кезінде адамның денесі қызып, бұлшық еттері босаңсып, әлсірейді, басы қатты ауырады, сондай-ақ тамағы ісіп кетеді. Көбіне жүрегі айнып құсады, іші өтеді, бүйрек пен бауыр қызметі бұзылады, ал кейбір жағдайда денеден, сол секілді іштен де қан кету орын алады екен. Эбола безгегінің арнайы емі жоқ, бүгіндері ол әзірлену үстінде, оны пайдаланатын уақыт 2015 жылдың басы деп болжанып отыр. Алайда Канада билігінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Эболаға қарсы сынақтағы вакцина партиясын жеткізуге әзір екендігі белгілі боп отыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай