15 ақпан 2021 10:12

"Егор мен Аленканың тойына емес": қазақстандық актерлердің әңгімесі желі қолданушыларын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қазақстандық дубляж актерлерінің автокөліктегі әңгімесі желі қолданушыларын таңғалдырды. Олар Ресейде актерлердің қызу талқыланған видеосына сілтеме жасаған. Бірақ, олардан айырмашылығы, қазақстандықтар "Егор мен Аленканың тойына бара жатқан жоқ". Tengrinews.kz тілшісі видео авторларымен сөйлесіп, елімізде дубляж саласы қалай дамып жатқанын білді.


Қазақстандық дубляж актерлерінің автокөліктегі әңгімесі желі қолданушыларын таңғалдырды. Олар Ресейде актерлердің қызу талқыланған видеосына сілтеме жасаған. Бірақ, олардан айырмашылығы, қазақстандықтар "Егор мен Аленканың тойына бара жатқан жоқ". Tengrinews.kz тілшісі видео авторларымен сөйлесіп, елімізде дубляж саласы қалай дамып жатқанын білді.

Қазақстандық дубляж актерлерінің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. "Қазақтарға не болған? Неге олар соншалықты дарынды?" - деп жазды желі қолданушылары.

Кадрларда үш жігіт көлікте келе жатып, бір-бірімен фильмдердегі "суперқаһармандардың даусымен" сөйлеседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arthur Pilipets (@pillipets)

"Біз Егор мен Аленканың тойына бара жатқан жоқпыз", - деп басталады видео. Кейін компания қайда бара жатқанын айтып, әзілдейді.

"Мұның бәрі диктор берген шаблон. Ал біз Ургантқа бара жатырмыз. Қазақстаннан сәлем", - дейді жігіттердің бірі видео соңында.

Tengrinews.kz тілшісі видео кейіпкерлерімен байланысты. Белгілі болғандай, оны дубляж жасайтын үш актер түсірген: атыраулық 32 жастағы Артур Пилипетс, семейлік 28 жастағы Қазбек Ақбаев және команданың ең жас мүшесі, 21 жастағы тараздық Санжар Мырзаханұлы. Жігіттер бір-бірін үш жылдан аса уақыттан бері біледі.

"Дубляж саласындағы таныстығымыз бен бірлескен жұмысымыз 2018 жылы басталды, сол кезде бірге бір жобаға қатысқанбыз. Бұл салада әркімнің тәжірибесі әр түрлі.

Көп ұзамай біз бес адамнан тұратын жеке команда құрдық. Дауыс қою және сөйлеу техникасы бойынша өз студиямыз бен мектебімізді аштық, мұнда дубляж жасау техникасын да қозғаймыз", - дейді Артур Пилипец.

Жігіттердің айтуынша, олардың машинадағы видеосы - бұл ресейлік әріптестерінің Желіде тараған видеосына сілтеме.

"Біз жұмыстан кейін шаршап үйге келе жаттық және ресейлік әріптестеріміздің видеосын талқыладық, кейін көп ойланбай, осы скетчті түсірдік. Шындығында, біз бұған дейін де осындай видеолар түсіргенбіз, бірақ ол қазір желіде тарап кетті", - дейді Қазбек Ақбаев

Ескерту! Былапыт сөздер бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Карен Арутюнов (@karenjoke)

Жігіттердің айтуынша, дауысты басқара білу - бұл еңбек пен жаттығудың жемісі.

"Әрине, мұның бәрі жаттығулар мен дауыспен жұмыс істеуге тікелей байланысты, бірақ табиғи бейім де маңызды рөл атқарады.

Өзіңізбен жұұмыс істеу арқылы даусыңызды динамикалық, жарқын, терең ете аласыз. Бұл жағдайда ниет пен жоғары деңгейге ұмтылу өте маңызды. Өйткені, бұл ұзақ және қажырлы еңбекті қажет етеді", - деді Қазбек Ақбаев.

Фото жеке мұрағаттан. Сол жақта Санжар Мырзыханұлы, ортада Қазбек Ақбаев, оң жақта Артур Пилипец

Әр топ мүшесі белгілі кейіпкерлердің даусына пародия жасай алады. Мысалы, Қазбек Өрмекші-адам, Капитан Джек Воробей, Джарвис, Пеннивайз сияқты кейіпкерлердің, "Спанч Боб" мультсериалындағы кейіпкерлердің дауыстарын қайталай алады. Артур бәріне Тони Старк, Джокер, Джейсон Стэтэм, Танос, "Форсаж" фильміндегі Доминик Торетто және Warcraft бейнеойынындағы кейіпкерлердің даусын салумен таныс. Төмен тембрі бар Санжар Тор, Веном, Северус Снейп, Бэтмен сияқты кейіпкерлерді және аниме кейіпкерлерін оңай салады. Актерлер ресейлік әріптестерінің үлгісінен шабыт алады.

@pilipets

#актерыдубляжа #рек #врек #реки #топ

♬ оригинальный звук - Arthur Pilipets

Актерлер Артур Пилипецке Disney фильмінің дубляжына қатысуға ұсыныс түскенін айтады, бірақ ол жеке жағдайларға байланысты одан бас тартуға мәжбүр болған. Одан кейін киностудиялардан ұсыныстар түспеген. Дубляж актерлері Қазақстанда олардың кәсібі бағаланбайтынын айтады.

Фильмнің көбі бізге орысша дубляжбен келетінін ескерсек, қазіргі уақытта қайта дыбыстау қажеттілігі жоқ. Сондықтан біз бұл өнерге деген қызығушылықты оятып, оны көпшілікке жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Қазақстандағы дубляж актері мен Ресейдегі дубляж актері әр түрлі деңгейде. Біз Қазақстанда бұл саланы дамытуға тырысып жатырмыз", - деді актерлер.

Фото жеке мұрағаттан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети