1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Екі облыста коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ

Кеше Қазақстанның екі облысында коронавирус жұқтырғандар мүлде тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен тәулікте Қазақстанда инфекция жұқтырған 322 адам анықталды. Ел бойынша өсім - 4,2 пайыз.

Сонымен қатар, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында бірде-бір жаңа жағдай тіркелген жоқ. Осы облыстар бойынша 23 мамырдағы дерек:

Маңғыстау облысында - 164,
Солтүстік Қазақстан облысында - 40.

Еске салайық, елімізде жалпы 7919 жағдайы тіркелген. 4096 пациент емделгеннен кейін толығымен сауығып шықты. 35 адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!